Жеке детективтік қызмет қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың кепілі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.08Аннотация
Мақала қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру тетігінің элементі ретінде жеке детективтік қызметті сипаттауға арналған. Мақалада қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мысалында айқын көрінетін жеке тұлға мен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі мәселелері, Қазақстан Республикасында және шетелдерде жеке детективтік қызметті жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты автор қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың кепілі саналатын жеке детективтік қызметтің мәнін, маңыздылығы мен рөлін нақтылайды. Бұл үшін жұмыста Қазақстан Республикасы жеке тұлғасының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты қызмет ретінде жеке детективтік қызметтің теориялық және тарихи-құқықтық негіздері; Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, қылмыстық процесте жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мәселелері бойынша олар реттейтін біртекті қоғамдық қатынастардың шеңбері зерттеледі; аталған заңнаманы қолдану практикасы, оны зерделеу негізінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қаралатын мәселелер бойынша құқық қолдану практикасын зерттеуге көңіл бөлінеді. Қойылған мәселелерді зерттеу кезінде зерттеу нысанасының сапалық сипаттамаларын анықтайтын, зерттелетін институттың мәнін айқындауға мүмкіндік беретін логикалық, формальды – құқықтық, талдамалық, сондай-ақ функционалдық әдіс қолданылады, Қазақстан Республикасындағы заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйіне конституциялық және салалық заңнаманың реттеушілік әсер ету мүмкіндігі пайдаланылады. Автор қабылдаған ғылыми талдауда күрделілік пен жүйелілік принциптері дәйекті түрде жүзеге асырылады және нәтижелі біріктіріледі, бұл жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қылмыстық іс жүргізу мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелерін неғұрлым толық, ғылыми тұрғыдан жандандыруға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде жеке детективтің алдын-ала тергеуге қатысуы адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғаудың кепілі болады, алдын-ала тергеудің объективтілігін арттырады, кінәлі эпизодтарды жан-жақты бағалауға, кейде күдіктінің кінәсіздігі туралы қорытындыға келуге мүмкіндік береді деп анықталған. Сонымен адамның құқықтық мәртебесіне оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың берік тетігін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама кепілдік беруі керек. Түйін сөздер: адам құқығы, қылмыстық процесс, детективтік қызмет, детектив.