Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.07
        58 42

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қарастырылады Бүгінгі таңда қоғамдық денсаулық сақтау адам, мемлекет және қоғамның қауіпсіз тіршілік ортасына құқығын қамтамасыз ету және де жұқпалы аурулардың туындауын болдырмау, сонымен бірге барлық тұтынушыларға арналған қызмет көрсетудің сапасы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықпен байланысты.. Өкінішке қарай, атқарушы билік те, заң ғылымы да бұл мәселелерге жеткілікті көңіл бөлмеген, осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулер, жарияланымдар жоқтың қасы. Жүргізілген зерттеулер көлемі аз және уақыт талабына байланысты ескірген. Мәселен, санитарлық заңнаманың өзі тек денсаулық сақтау және әлеуметтік гигиена тұрғысынан ғана жан-жақты зерттелген. Арнайы ғылыми-құқықтық зерттеулер аясында заң әдебиеттерінде жан-жақты және кешенді талдаулар жүргізілген жоқ. Бұл жағдайда Қазақстандағы қолданыстағы санитарлық заңнаманы талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу маңызды әрі қажетті болып саналады.

Түйін сөздер: Құқықтық қамтамасыз ету, экологиялық қамтамасыз ету, санитарлықэпидемиологиялық қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-21

Шығарылым

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ