Экономикалық дағдарыс кезеңінде қазақстандық ұйымдарда өндіріс демократиясының дамуының еңбектік қорғау деңгейіне тигізетін әсері

Авторлар

  • Л.З. Ахметжан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Cұлтан қ http://orcid.org/0000-0002-3161-2128

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.05
        81 60

Аннотация

Қазіргі уақытта жұмысшыларға тікелей қатысты ең маңызды шешімдер қабылдау жұмыс берушінің ажырамас құқығы болатын жағдай туындады. Шетелдерде қызметкерлердің ұйымды басқаруға қатысуының тиімді жүйесі қалыптасқан, бұл тікелей еңбекті қорғау тиімділігінің артуына әкеледі. Жұмыстың мақсаты – өндірістік ұйымдардағы қызметкерлерді басқару және еңбекті қорғау тиімділігіне өндірістік демократия элементтерінің даму деңгейінің әсер ету сипатын анықтау. Мақалада өндірістік демократияның ұйымдағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау деңгейі әсеріне арналған ғылыми зерттеулерге әдеби шолу жасалған. Дағдарыс жағдайында жұмыс істейтін қазақстандық ұйымдарда осы мәселені авторлық зерттеу нәтижелері де ұсынылған. Экономикалық дағдарыс ереже бойынша еңбек заңнамасын бұзатын ұйымдардың штатын қысқартуға алып келеді, бұл алынған нәтижелердің сенімділігін арттырады. Әдістеме қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің өндірістік демократия элементтерін дамыту туралы сауалнамасынан, екі топқа бөлінуінен (өндірістік демократия элементтерінің жоқтығымен және қатысуымен) және экономикалық дағдарыс жағдайында контекстегі еңбекті қорғау көрсеткіштерін салыстырмалы талдаудан тұрады. Зерттеу нәтижесінде өзара байланыс анықталып, өндірістік демократия элементтері еңбекті қорғау практикасына оң әсер етеді деген болжам расталды. Практикалық мәні – макро және микродеңгейде де индустриялық демократияны дамыту жобаларын іске асыруды бастау үшін дәлелді база құру. Нәтижелерді Қазақстан Республикасында өндірістік демократияның құқықтық базасын дамыту бойынша заңнамалық бастамалардың негіздемесі ретінде пайдалануға болады.

Түйін сөздер: еңбек қатынастары, жұмысшылардың құқықтары, өндірістік демократия.

Жүктелулер

Как цитировать

Ахметжан, Л. (2021). Экономикалық дағдарыс кезеңінде қазақстандық ұйымдарда өндіріс демократиясының дамуының еңбектік қорғау деңгейіне тигізетін әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 98(2), 50–59. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.05

Шығарылым

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ