Кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бірыңғай электронды платформа құрудың алғышарттары туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.04
        43 40

Аннотация

Бұл мақалада бүкіл адамзатқа жаңа қауіп – COVID-19 коронавирус пандемиясымен күресу нәтижесінде туындаған кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бірыңғай электронды платформа құрудың 2020 жылға арналған алғышарттары қарастырылады. Зерттеудің негізгі бағыты – кадрлардың өз біліктілігін қашықтан арттыру мүмкіндігін зерделеу. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – бірыңғай электронды платформаны пайдалану арқылы біліктілікті арттыру мүмкіндігін реттейтін ережелерді ұлттық заңнамада бекіту, Қазақстанның ұлттық жоспары мен даму стратегиясының цифрландыру және адами капиталды дамыту саласындағы мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде әрекет ететіндігін негіздеу. Зерттеуде арнайы әдебиетті, нормативтік құқықтық актілерді, ұлттық статистиканы зерделеу және талдау, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық заңнамасы мен заңнамасын салыстыру әдістері пайдаланылды, сондайақ SWOT-талдау жасалды. Мақалада электронды түрде қызмет көрсету институтын дамыту саласындағы ұлттық тәжірибе талданады. Авторлар бірыңғай электронды платформаны пайдалану арқылы біліктілікті арттыру процесін енгізудің күшті және әлсіз жақтарын атап өтті. Мұндай платформаны құру еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастарды дамыту мен жаңғыртудың оң нәтижелеріне жеткізетіні туралы тұжырымдар келтірілген. Осы мақаланың материалдарын кадрлардың біліктілігін арттыру институтын дамыту саласындағы, сондай-ақ білім беру қызметтерін цифрландыруды жүзеге асыру саласындағы жұмысқа байланысты мүдделі тұлғалар пайдалана алады.

Түйін сөздер: еңбек қатынастары, біліктілікті арттыру, электрондық қызметтер, оқыту.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-19

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ