ҚР ұлттық-мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы мәселесіне: саяси- құқықтық және мәдениеттанулық негіздер

Авторлар

  • Р.С. Сартаева ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстан, Алматы қ http://orcid.org/0000-0003-0526-0875

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.01
        78 56

Аннотация

Мақала ұлттық-мемлекеттік бірегейлік мәселесін қазіргі жаһандану әлемінде өзектендіруге және Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуының базалық саяси-құқықтық және мәдениеттанулық негіздерін айшықтауға арналған. Бұл жұмыстың мақсаты – қазіргі геосаяси кеңістіктегі объекті ғана емес, оның субъектісі болуға ұмтылатын әлемнің барлық мемлекеттерінің алдында тұратын жаңғырулық асқақ міндеттерді шешу қажеттілігі аясында Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік бірегейлігінің сипаттамасын анықтау үшін саяси-құқықтық және мәдениеттанулық негіздерді зерттеу. Автор әлемдік мега-әлеуметтің технологиялық дамудың жаңа деңгейі «Индустрия-4.0»-ге өту жағдайындағы адам бірегейлігін қоса алғандағы тұлғалық деңгейден мемлекеттік деңгейге дейінгі бірегейліктің барлық типін қамтамасыз ету мен қорғаудың кепілі ретіндегі мемлекет институтын сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтеді. Зерттеудің интегралды әдістерін қалыптастырудың заманауи үрдістері аясында бұл жұмыста әртүрлі тәсілдер: құрылымдық функционализм мектебінің негізін қалаушы, белгілі америкалық әлеуметтанушы Толкотт Парсонстың саясатты жүйелі талдауы, С. Хантингтонның демократияландыру толқыны тұжырымдамасы, Александр Гершенкронның «кешеуілдеген бастау» қоғамдары парадигмасы өзара байланыстырыла қарастырылған. Қазіргі демографиялық факторларды, тұрғындардың ұлттық құрамын ескере отырып Қазақстанда «мәдени жіктер» жоқ деген ой дәйектеледі және Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік бірегейлік пәрменді даму үшін интегралды сипат пен сындарлы әлеуетке ие болған деп айтуға болады. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы – Қазақстан Республикасының ұлттықмемлекеттік бірегейлігі оның интегралды сипаттамасы аясында ғана емес, сонымен қатар архаизациялану, маргинализациялану, имитациялық императив мәселелерінің сыни дискурсында қарастырылуында. Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік бірегейлігінің саясиқұқықтық және мәдениеттанулық негіздерін зерттеу, бұл бірегейліктің интегралдық сипатын анықтауға қажетті жаңғырулық асқақ міндеттерді шешу үшін біздің еліміздің пәрменді дамуының стратегиясы мен тактикасын әзірлеудің теориялық негіздемесі болады. Түйін сөздер: ұлттық-мемлекеттік бірегейлік, саяси-құқықтық негіздер, мәдениеттанулық негіздер, мемлекет институты, ҚР Конституциясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Сартаева, Р. (2021). ҚР ұлттық-мемлекеттік бірегейліктің қалыптасуы мәселесіне: саяси- құқықтық және мәдениеттанулық негіздер. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 98(2), 4–15. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.01

Шығарылым

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ