Әйелдерге қатысты тұрмыстық-отбасылық күш қолданудың криминологиялық мәселелері

Авторлар

  • K.M. Beaver Криминология және қылмыстық сот төрелігі колледжі, Флорида мемлекеттік университеті, АҚШ, Таллахасси қ http://orcid.org/0000-0003-3042-3496
  • K.S. Surayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ http://orcid.org/0000-0003-3657-6039

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.06
        517 193

Аннотация

Әйелдерге қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық-мәдени немесе географиялық шектері жоқ жаһандық проблема (мәселе). Әйелдерге қатысты барлық зорлық-зомбылық нысандары мен көріністері адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы болып табылады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігі – жыныстық серіктес тарапынан зорлық-зомбылық әйелдер өміріндегі бейтаныс немесе таныс адамдар тарапынан физикалық шабуыл немесе зорлауға қарағанда әлдеқайда кең таралған зорлық-зомбылықтың түрлерінің бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресу үшін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алғышарттары мен факторларын жанжақты талдау болып табылады. Зерттеу заманауи криминологиялық (қылмыстық) әдіснаманы қолдана отырып, ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың әлемдік тәжірибесі мен теориялық зерттеулеріне негізделген. Мақалада әйелге қарсы заңсыз әрекеттерді жасауға әсер ететін факторлар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жәбірленушілік аспектісі және криминологиялық сипаттамасы қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде қорытындылар жасалды, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша ұсыныстар ұсынылды, зерттелетін саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілді, Қазақстанда отбасылықтұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу факторлары келтірілді.

Түйін сөздер: құқық, заң, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, криминологиялық сипаттама, виктимология, әйелдерге қарсы қылмыстар және құқыққа (заңға) қарсы әрекеттер.

Жүктелулер

Как цитировать

Beaver, K., & Surayeva, K. (2021). Әйелдерге қатысты тұрмыстық-отбасылық күш қолданудың криминологиялық мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 97(1), 58–66. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v97.i1.06

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА