Алғыс пен құрмет

2025-10-31

«ҚазҰУ Хабаршысы. Құқықтану сериясы» журналының редакциясы 2021–2025 жылдар аралығында журналдың техникалық редакторы әрі ресми сайтының жауапты қызметін абыроймен атқарған заң ғылымдарының магистрі, беделді ғылыми мақалалардың авторы Даурен Махамбетсалиевке шынайы алғыс пен терең ризашылығын білдіреді.

Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, әрбір ғылыми мақаланың сапалы техникалық өңделуіне ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, сайттағы материалдардың уақытылы әрі талапқа сай жүктелуін қамтамасыз етіп, журналдың заманауи форматтағы даму үдерісіне елеулі үлес қосты.

Даурен Махамбетсалиевтің тынымсыз еңбегі мен кәсіби біліктілігі басылымның ғылыми деңгейін арттырып, оның интернет кеңістігіндегі абыройын нығайта түсті.