Сounteraction of corruption in the system of public service as a factor of increasing the efficiency of public administration

Authors

  • K.Zh. Baytekova
  • N.Zh. Rakhmetova
  • Zh.A. Shamshen

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.01
        86 612

Abstract

Бұл мақалада сыбайлас жемқорлық ұғымына көптеген ғалымдардың берген жан-жақты анықтамалары және сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы зерттелген. Сыбайлас жемқорлықтың елімізде және өзге мемлекеттердегі жай-күйі баяндалған. Аталған мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге бағытталған әр түрлі нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдаулары қарастырылған. Қоғамның әр саласында сыбайлас жемқорлықты жою тәсілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру шаралары ұсынылған. Сонымен қатар, аталмыш мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидалары, мақсаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдар қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер көрініс тапқан. Осыған қоса, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін жауаптылық мәселелері сипатталған. Елімізде аталмыш тақырыпқа арналған мақалалар көп болса да, олардың әрқайсысы сыбайлас жемқорлықты зерттеу тәсілдерімен және өзіндік күресу шараларымен, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жоюға арналған ұсыныстарымен ерекшеленеді. Сол себепті де, бұл мақалада сыбайлас жемқорлық мәселесі тереңінен зерттеліп, пайда болу тарихынан қазіргі таңдағы жай-күйіне дейін жан-жақты қарастырылған.
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық, заң, қылмыстық жауаптылық, әкімшілік жауаптылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, парақорлық.

Downloads

How to Cite

Baytekova, K., Rakhmetova, N., & Shamshen, Z. (2019). Сounteraction of corruption in the system of public service as a factor of increasing the efficiency of public administration. JOURNAL OF ACTUAL PROBLEMS OF JURISPRUDENCE, 90(2), 4–12. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.01

Issue

Section

THEORY AND HISTORY OF STATE AND LAW