Қылмыстық процестегі сарапшыға қойылатын этикалық және психологиялық талаптар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.11

Аңдатпа

Қылмыстық сот ісін жүргізу мәдениетінің маңызды элементі ретінде әділет қызметкерлерінің кәсіби этикасы мен адамгершілік мәселелеріне жақын уақытқа дейін тиісті көңіл бөлінбеген. Сонымен қатар, белгілі бір сот-этикалық ережелерді орындамай қылмыстық іс жүргізу қызметі заңда тұжырымдалған міндеттерді орындай алмайды. Сарапшының тек құқықтық қана емес, сондай-ақ адамгершілік нормаларды сақтауы оның тұжырымдарының шынайылығына, оны қорытындының негізділігіне белгілі бір кепілдік болып табылады. Сот сарапшысы қызметінің адамгершілік бастауларын терең зерттеу қажеттілігі арнайы танымдарды пайдалану арқылы дәлелдемелерді алу тәсілі ретінде сараптаманың мәні, сондай-ақ сот ісін жүргізуде сараптама атқаратын үлкен рөлімен айқындалады. Мақаланың мақсаты этика, құқық және психология тұрғысынан осы проблеманың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу болып табылады. Қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен шетелдік дереккөздердің кең ауқымы мен әртүрлі елдердің заңнамалық актілері негізінде сарапшылардың кәсіби этикасы мен адамгершілік мәселесі туралы жалпы әлемдік пікірталасқа талдау жүргізілді. Жалпы ғылыми әдістерді қолдану жұмыстың Отандық және халықаралық әдіснамасын салыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекеттерді кәсіптік этика мен адамгершілік өлшемдері негізінде жіктеу жүргізілді. Сарапшылардың кәсіби әдебі туралы заңнамалық-құқықтық базаның мысалында құқықтық регламенттеу мәселелері қарастырылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде сарапшының құқық субъектілілігі және оның құқықтық танымы туралы тұжырымдар жасалды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы осы мәселелерді этикалық тұрғыдан жүйелі түрде регламенттеуі тиіс деген болжам негізделген. Түйін сөздер: құқық, сарапшы, кәсіби этика, құқықтық сана, ішкі наным.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY