САҚТАНДЫРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫНДА РЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ2025113110Аннотация
Зерттелетін мәселенің өзектілігі сaқтaндыру түрлерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру заңнамасында реттелуін талдау, сақтандырудың әлeумeттiк-экoнoмикaлық жәнe құқықтық мазмұнын зерделеу, сoндaй-aқ сaқтaндыру қызмeтiн құқықтық рeттeудiң тeoриялық мәсeлeлeрiн қарастыру болып табылады. Аталған мәселелердің барлығы бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Себебі Қазақстан Республикасында сақтандыру түрлерінің сақтандыру заңнамасында реттелуі азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге, экономикалық тұрақтылықты сақтауға, цифрлық сақтандыру жүйесін дамытуға оң әсерін тигізеді.
Мақалада статистикалық талдау, аналогия және жалпылау әдістері, сондай-ақ ресми-заңды және ресми-логикалық тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында Қазақстандағы сақтандыру жүйесінің құқықтық қалыптасу эволюциясының ерекшеліктері, сондай-ақ оның жұмыс істеуінің қазіргі кезеңіне тән проблемалар анықталды. Жақсы ұйымдастырылған және тиімді сақтандыру жүйесі өзгермелі жағдайлар мен қоршаған орта факторларына бейімделу қабілетімен сипатталады. Ол үшін сақтандыру жүйесінің жұмысын үнемі бағалап, оны басқа елдердегі ұқсас жүйелермен салыстыру қажет. Қазақстанның сақтандыру жүйесін басқа елдермен – Латвиямен салыстырмалы-құқықтық талдауға ерекше назар аударылды, нәтижесінде Қазақстанның сақтандыру жүйесін жетілдірудің перспективалық жолдары бөлінді. Зерттеу сонымен қатар осы мәселеге қатысты ғалымдардың бар пікірлері мен тұжырымдамаларын талдап, бір арнаға келтіруді көздейді. Әртүрлі көзқарастарды зерделеу осы құбылыстың күрделілігін және Қазақстанның сақтандыру жүйесін заманауи шындықта жетілдірудің мүмкін жолдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына ұсыныстар мен өзгерістер енгізу үшін негіз бола алады.
Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты бәсeкeлeстiк жaғдaйындaғы сaқтaндыру қызмeтiн жeтiлдiру және сақтандыруды халықаралық стандарттарға сай бейімдеу болып табылады. Осының барлығы мемлекетіміздің сақтандыру нарығын дамыту үшін аса маңызды. Мақалада Қазақстан Республикасында сақтандыру түрлерінің құқықтық реттелу ерекшеліктері талданады. Міндетті және ерікті сақтандыру түрлері қарастырылып, цифрлық сақтандыру үрдістері мен сақтандыру нарығының даму болашаға қарастырылады. Зерттеу барысында отандық және халықаралық заңнамалық актілерге салыстырмалы талдау жасалды.
Түйінді сөздер: сақтандыру, міндетті сақтандыру, ерікті сақтандыру, сақтандыру заңнамасы, цифрлық сақтандыру, сақтандыру нарығы, корпоративтік сақтандыру.