ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ РӨЛІ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСІНЕ ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ202511311Аннотация
Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қоғамның әртүрлі саласына белсенді түрде енгізіліп жатқанымен байланысты болып табылады. Осыған орай, жасанды интеллекттің құқық шығармашылық процесіне әсерін зерттеу, құқықтық тәжірибеде халықаралық актілерді пайдалану бағыттарын анықтау, сонымен қатар оның заң шығару процесінде қолданылуының тәуекелдерін айқындау қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты - жасанды интеллектті реттеу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және оның Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылыққа әсерін талдау.
Зерттеу барысында ғылыми әдістер қолданылды: талдау және синтез, жүйелі әдіс, салыстырмалы-құқықтық әдіс, ғылыми әдебиеттер мен нормативтік құжаттарға шолу жүргізілді, сондай-ақ ЖИ-ді реттеуді енгізген елдердің тәжірибесі зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде Еуропалық Одақтағы ЖИ-ді реттеу тәжірибесі жүйелендіріліп, құқық шығармашылықта ЖИ-ді қолданудың құқықтық, этикалық және технологиялық аспектілері қарастырылды, Қазақстан үшін ЖИ-ді реттеу механизмдерін әзірлеудің қажеттілігі негізделді, сонымен қатар тиісті ұсыныстар жасалды. Зерттеу нәтижелері заң шығарушы органдар мен құқық сарапшыларына ЖИ-ді құқықтық жүйеге интеграциялау негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын «Қазақстан Республикасының заң шығармашылық процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу арқылы заңнаманың тиімділігі мен ашықтығын оңтайландыру және арттыру» гранттық жобасын іске асыру аясында әзірленді (грант № BR27101389).
Түйін сөздер: жасанды интеллект, құқықтық реттеу, заң шығармашылық, халықаралық тәжірибе, цифрлық трансформация.