Қазақстанның құқықтық және саяси жүйесінің қайнарлары: тарихы мен қазіргі кезі
Аннотация
Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін түсіну үшін елде өтіп жатқан үдерістердің
тарихи негіздері мен динамикасын білу зор мағынаға ие. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеудің
тарихи және салыстырмалы әдістерін қолданған маңызды. Тек осылардың негізінде ғана елдің,
оның саяси және құқықтық жүйесінің болашағына қатысты болжамдар жасауға болады.
Авторлар Қазақстанның саяси және құқықтық жүйелерінің қайнарларын тарих пен бүгінгі
күннің көзқарасымен қарастырады және қолданылатын ұғымдарға ерекше мән береді. Мәселен,
еліміздің саяси жүйесінің қайнарларын зерттеу шеңберінде қоғамның саяси жүйесі түсінігіне,
бұл саладағы теорияларға, сондай-ақ саяси жүйелердің түрлерге бөлінуіне ерекше көңіл
аударылады. Авторлар қоғамның саяси жүйесінің орталық элементі болып табылатын мемлекеттің
ерекше рөліне көңіл аударады. Мақалада қираған Алтын Орданың орнында пайда болған Қазақ
қандығының құрылу сәтінен бастап, кеңестік кезең мен қазіргі Қазақстанның саяси жүйесінің
ерекшеліктеріне дейінгі уақыт аралығындағы Қазақстан саяси жүйесінің тарихы қарастырылған.
Қазақстанның қазіргі саяси жүйесінің ерекшелігі осы жүйеге ерекше әсер жасайтын мемлекеттің
жетекші рөлінде болып отыр.
Қазақстанның құқықтық жүйесін қарастыру барысында «құқықтық жүйе», «құқық жүйесі»
және «заңнама жүйесі» ұғымдарын ажыратуға ерекше көңіл бөлінді. Авторлар бұл ұғымдардың
Қазақстан мен басқа бұрынғы кеңестік елдерде түсінілуіне сүйенеді. Қазақстанның құқықтық
жүйесінің қалыптасу тарихы Қазақ хандығы дәуірінен басталады (XV ғ.). Одан кейін авторлар
Ресей империясы мен Кеңес Одағы құрамындағы қазақ құқығының ерекшеліктеріне тоқталады.
Бұл бөлімнің соңында қазіргі Қазақстанның құқықтық жүйесінің ерекшеліктері талдауға алынған.
Авторлар Қазақстан мен Ресейде қалыптасқан құқықтық жүйелер біртектес болып табылады
және ол бұрынғы кеңестік елдердің тығыз интеграциясына бағытталған әрі Қазақстанның сыртқы
функцияларының бастысы болып табылатын еліміздің сыртқы саяси бағамына сәйкес келеді деп
түйіндейді.
Түйін сөздер: Қазақстан, саяси жүйе, құқықтық жүйе, қайнарлар, мемлекет функциялары.