ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ (АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.014
        224 86

Аннотация

Қазақстан Республикасы халықаралық аренада тәуелсіз мемлекет болып танылған сәттен бері адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оған кепіл болу мақсатында қыруар жұмыстар атқарып келуде. Қазақ елінің тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет болып – Түркия Республикасы болып табылады. Екі бауырлас елдің құқықтық  жүйесінде омбудсмен  (Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл) институтының мәртебесі Конституцияда бекітілген. Дегенмен, омбудсмен  (Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл) институтының екі мемлекетте де қалыптасу процессі оңай болмағаны мәлім.

Мақаланың мақсаты - омбудсмен (Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл) институтының Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінде даму кезеңдері және бұл құрылымның қоғам үшін атқаратын ролі айқындалады. Омбудсмен – ұғымының құқықтық анықтамасы кеңінен беріле отырып, омбудсменнің халықаралық стандарттарға сай боу үшін көзделген айрықша ерешеліктері көрсетіледі. 

 Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия Республикасында қазіргі таңда омбудсменнің (Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл) құқықтық мәртебесі мен құзыретіне тоқтала отырып, жылдық баяндама негізінде азаматтардың осы институтқа шағым беру статистикасы  ұсынылады. Жалпы алғанда, екі мемлекеттің омбудсмен институтына келу факторлары мен осы институттың адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатындағы орны және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуда омбудсмен институтының маңызы белгеленеді.

Түйін сөздер: омбудсмен институты, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  құқықтық мәртебе, құзырет.

Жүктелулер

Как цитировать

Аширбекова A., Анаят O., & Абикенов A. (2023). ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ (АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ). ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 108(4), 130–138. https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.014

Шығарылым

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ