Балаларды кибербуллингтен қорғаудың өзекті сұрақтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.011
        79 62

Аннотация

Бұл мақалада автор балаларға қатысты жасалған кибербуллингке қарсы тұру мәселелерін көтереді. Кәмелетке толмағандар әртүрлі коммуникациялық интернет-желілердің белсенді пайдаланушылары болып табылады. Шын мәнінде, бүгінде балалардың қарым-қатынасы мен әлеуметтенуінің негізгі процестері интернет-кеңістікке көшуде, онда олар өздерінің жеке басын жалған аватарлардың – жасырын маскалардың артында жасыра алады. Көптеген жағдайларда, бұл адамның жеке басын жасыру, анонимді хабарламалар жіберу мүмкіндігі қарым-қатынастағы агрессия деңгейін арттырады. Интернет кеңістігіндегі қорқыту, қорлау, жала жабу қауесеттерінің таралуы түрінде көрінеді. Қудалаудың құрбаны болған балалар ауыр психикалық жарақат алады, құрдастарының қоғамынан шығарылу қиын. Ересектер тарапынан кибербуллинг проблемасына немқұрайлы қарау, уақтылы көмек пен қолдау көрсетпеу баланың өз-өзіне қол жұмсауы сияқты ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, заңды бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту – осының бәрі психологтардың, құқық қорғау органдары, білім беру және өзге де әлеуметтік ұйымдар өкілдерінің, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды қамқоршыларының іс-қимылдарын біріктіруді талап етеді. Қорқыту мәселесі бұрыннан танылған шетелде осы жағымсыз құбылысқа қарсы арнайы бағдарламалар бар. Автор мұндай бағдарламалардың нәтижелеріне жүгінеді, шетелдік мамандардың зерттеулерін қарастырады, агрессивті мінез-құлықтың себептері, қорқытудың нақты түрлері туралы өз тұжырымдарын жасайды. Жүргізілген талдау негізінде автор балаларға қатысты кибербуллингке қарсы іс-қимыл тәсілдері бойынша, сондай-ақ балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын негіздейді.

Түйінді сөздер: ақпараттық қауіпсіздік, интернет-кеңістік, қорлау, балалар буллингі, кибербуллинг, әлеуметтік желілер.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-15

Шығарылым

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА