Қазақстан Республикасындағы экологиялық құқық тәртібінің өзекті теориялық мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2022.v104.i4.08Аннотация
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы экологиялық құқықтық тәртіптің өзекті теориялық мәселелері қарастырылған. Авторлар заңның үстемдігі азаматтардың экологиялық құқықтық санасының деңгейін арттырудың, табиғи ресурстарды пайдаланушыларды экологиялық құқықтық тәртіптің белгіленген деңгейін сақтауға мәжбүрлеудің ерекше тиімді тетігі екенін атап өтеді. Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы жұмыста «экологиялық құқық тәртібі» түсінігінің кейбір аз зерттелген аспектілерінің нақтыланып, егжей-тегжейлі зерттеумен, сонымен қатар экологиялық құқық тәртібінің негізгі экологиялық құқықтың институты ретінде қарастырылуымен айқындайды. Табиғатты ұтымды пайдаланудың бұл тәртібі экологиялық құқықтың заңнамалық және басқа да талаптарының әсерінен қалыптасатындығы талданды. Сондай-ақ, авторлар экологиялық құқықтық тәртіп заңды жауапкершілік негізінде белгіленетінін атап көрсеткен. Экологиялық құқық тәртібін дамытудың жалпы тенденциясы табиғатты қорғау заңнамасының әлеуметтік маңызын арттыру, материалдық нормаларды одан әрі жаңғырту және оларды жүзеге асырудың қорғау нысандарын жетілдіру болып табылады. Жұмыстың мақсаты – қазіргі Қазақстандағы экологиялық құқықтық тәртіптің жалпы теориялық және практикалық тұжырымдамасын жасау. Авторлар экологиялық құқықтық тәртіпті анықтау, оның құқық саласындағы орнын талдау, экологиялық құқықтық тәртіп пен құқықтық жауапкершілік арасындағы байланысты қарастыру, экологиялық құқықтық сананың, тәрбиенің, мәдениеттің және құқықтық тәртіптің байланысын анықтау міндетін қойды. Жұмысты дайындауда ғалымдардың еңбектері пайдаланылды, экология және заң ғылымының дамуына зор үлес қосады.
Түйін сөздер: экологиялық құқық тәртібі, экологиялық құқық, құқықтық сана, норма, экологиялық заңнама, құқықтық қатынастар, құқық, жауапкершілік