Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау ерекшеліктері: құқықтық талдау

Авторлар

  • G. G. Galiakbarova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Cұлтан қаласы http://orcid.org/0000-0001-9375-1134

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v100.i4.02

Аннотация

Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі шетелдегі отандастар және олармен байланысты көші-қон және иммиграция мәселелері әлеуметтік-экономикалық, мәдени құбылыс дәрежесінен саяси дәрежеге ауысуымен ерекшеленеді. Осыған орай, геосаяси өзгерістер көші-қонның жаңа толқындарына алып келеді және шетелдегі отандастармен байланысты мәселелерді құқықтық реттеу аспектілерін өзекті деңгейге көтерді. Аталған мәселе Қазақстан үшін де өзекті болып келеді. Мәселен, шетелдік қазақтарды мемлекеттік қолдау саясаты соңғы уақытта қазақ тілін қолдану салаларының тарылуына және шетелде тұратын қазақтардың өзіндік ұлттық ерекшелігінің біртіндеп жоғалу қаупі мен ассимиляциялауға байланысты айтарлықтай өзектендірілді.

Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеудің проблемалық мәселелерін зерттеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде тиісті ұсыныстар дайындау болып табылады, себебі қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік отандастарды қолдау құқықтықтық тұрғыдан жүйелі түрде реттелмеген, және бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді.

Зерттеудің  ғылыми  және  тәжірибелік  маңыздылығы  шетелдегі отандастарды, ең алдымен қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау мәселелері, бір жағынан, мемлекеттік саясат пен ұлттық заңнаманың қазіргі жағдайы, екінші жағынан – қазіргі халықаралық тәжірибе жағынан қарастырлуында болып табылады. Мақалада проблеманың құқықтық жағына баса назар аударылды. Сонымен қатар, шетелдегі отандастарды қолдау мәселелерін зерттеу диаспора, көші-қон процесі сияқты құрамдастармен тығыз байланысты, және осыған орай олар да қарастырылды.

Әдістемелік негіз: жалпы ғылыми әдістер (логикалық, құрылымдық және жүйелік талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, индукция және дедукция, модельдеу), сондай-ақ құбылыстар мен процестерді зерттеудің арнайы әдістері мен тәсілдері (нақты тарихи, диалектикалық, формальды-логикалық, құрылымдық функционалдық, салыстырмалы құқықтану әдісі) болып табылады.

Нәтижесінде, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда алғаш рет шетелдегі отандастарды қолдау мәселелерін реттейтін заң қабылдау қажеттілігі негізделді.

Түйін сөздер: шетелдегі отандастар, диаспора, көші-қон, мемлекеттік қолдау, халықаралық тәжірибе, заңнама

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-15

Шығарылым

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ