Қазақстанда қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетудің нормативті-құқықтық жүйесі
Аңдатпа
Бұл мақалада қарт азаматтардың құқықтықтарын қорғауға байланысты туындайтын
мәселелерді шешудің кешенді жүйесін дайындау. Қазақстан Республикасы конституциясының
28 бабына сәйкес қарт адамдарды ең төменгі жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшерінде
әлеуметтік жағынан қамсыздандыруға кепілдік берген.
Еліміздің құқық саласында адамдардың құқықтық мәртебесі жас ерекшелігіне байланысты
емес, дегенменде қоғамның еңбек жағынан төмен қамтамасыз етілген қарт азаматтардың
құқықтарын қорғау құқықтық мемлекет құрудың негізі болып табылады. Азаматтардың
құқықтық мәртебе құқық жүйесінің ажырамас бір бөлігі ретінде әлеуметтік қарым-
қатынастарды салыстырмалы түрде тәуелсіз реттеп отырады, негізі мемлекет жалпы қоғамдағы
обьективті және субьективті факторлармен қатар әлеуметтік қоғамдық өмірді ескере отырып
құқықтан бір нәтиже шығару мақсатында әрекет етеді. Сонымен қатар қарт азаматтардың
құқықтарын қорғаудың халқаралық деңнейде қорғауға байланысты шет мемлекеттердің және
отандық ғалымдардың қарт азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша ғылыми еңбектеріне
талдау жасалып, ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне талдау жасау
халықаралық құқық қорғау шарттарын имплементациялау және стандарттарды есепке ала отыры,
Қазақстан Республикасында қарт азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты мемлекеттік
органдармен басқада ұйымдардың қарт адамдардың құқықтарын қорғауға байланысты заңды
өкілеттіліктеріне талдау жасалды.
Қарттарға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», ҚР Еңбек кодесінде, Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»,
«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Қазақстан
Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Халықты
жұмыспен қамту туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға
теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», «Қоғамдық
бірлестіктер туралы» және т.б. заңдарында негізделеді.
Түйін сөздер: құқық, қарт азаматтар, заң, мемлекетік әлеуметтік қорғау, зейнет ақымен
қамсыздандыру.
