Қазақстан Республикасында еңбек көші-қонының кейбір мәселелері

Авторлар

  • Т.М. Abaideldinov
  • A.T. Muxinova

Аңдатпа

Еңбек мигранттарының еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің ерекшеліктері, алдымен нарықтық экономикаға негізделген жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру мүмкіндігімен, сонымен қатар, қазақстандық қоғамның құқықтық және саяси жүйесінің өзгерістерімен түсіндіріледі.Әсіресе бұл мәселе қазіргі әлемдік саясатта интеграциялық процестердің күшеюіне байланысты және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ірі экономикалық блоктардың пайда болуы кезінде аса өзекті. Атап айтқанда, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатысушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық процестерді күшейтуге бағытталған, оның ішінде тауар мен қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру, ортақ капитал және ерекше маңызды мәселе ортақ еңбек ресурстарын қалыптастыруды көздейтін Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы келісім-шарт күшіне енді. Осыған байланысты біздің ойымызша Қазақстан Республикасында мигрант-қызметкерлердің құқықтық жағдайы кешенді түрде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелмеген. Бұл мақалада біз еңбек миграциясы саласында пайда болған кейбір теориялық мәселелерді анықтап, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерді ратификациялау салдарынан пайда болған құқықтық коллизияларды жоюға және ұлттық заңнамаға сәйкестігін анықтауға тырыстық. Зерттеу мақсаты мигрант қызметкерлердің құқықтық жағдайын зерттеу, олардың құқықтық жағдайларының кейбір аспектілерін саралау, еңбек мигранттарының қатынастарын заңнамалық әдістерін анықтау және оның әлеуметтік әріптестік институтының жетілдірілуіне әсерін зерттеу.
Түйін сөздер: еңбек құқығы, еңбек, еңбек миграциясы, қызметкер, жұмыс беруші, ішкі
миграция, сыртқы миграция

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-08

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW