Қазақстан Республикасындағы білім беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша

Авторлар

  • A.Y. Zhatkanbayeva
  • K.N. Aidarkhanova
  • M.K. Nakisheva
  • A.K. Rakhmetoldina
  • S. Borras

Аңдатпа

Осы мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементтерінің бірі болып табылатын мәселелер талданады.
Қазақстанның білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі келісімдерінің орындалуына талдау жасалған. Бұл жұмыстың мақсаты білім беру саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы саладағы
негізгі қауіптерді зерделеу, қорғау объектісі мен пәнін анықтау болып табылады. Жұмысты
жазу кезінде жалпы теориялық және арнайы танымдық әдістер қолданылды: диалектикалық,
салыстырмалы құқықтық, тарихи, ресми догматикалық (нақты құқықтық), нақты заңды және
логикалық. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы болып алынған нәтижелер мен тұжырымдар
саналады.
Білім беру қауіпсіздігі мәселесіне ғылыми қызығушылықты арттыру осы салада жүргізіліп
жатқан реформалармен, атап айтқанда, Қазақстандағы білім беру жүйесінің құқықтық тетігін
жетілдіру бойынша отандық және халықаралық бастамалармен байланысты. Нәтижесінде,
мақала осы саладағы жасалған үлкен жұмыс көлеміне қарамастан, әлі де білім беру жүйесін
ұйымдастыруды жетілдіру үшін мәселелердің көптігі анықталды.
Мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесін құрудың және дамытудың негізгі кезеңдеріне
талдау жасалып, сонымен қатар мемлекеттің мемлекеттік органдарының және оқу орындарының
алдында тұрған міндеттері айқындалады.
Мақаланың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесіндегі қолданыстағы заңнамасын жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндігі болып
табылады.
Түйін сөздер: білім, қауіпсіздік, білім беру жүйесі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-11

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW