Жеке басқа қол сұқпаушылықты шектеудің заңдылығы мен негізділігінің кепілдіктері
Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына, қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануда жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасының сақталуына теоретикалық талдау берілген. Бұл зерттеудің мақсаты қылмыстық процесте қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларының жүзеге асырылу механизмімен тікелей байланысты мәселелерді қарастыру; қарастырылып отырған мәселені және оны құқықтық құралдармен ары қарай шешуді өзектеу; Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінде жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидасының процестік кепілдіктерін күшейту және т.б. Қойылған мақсаттарға жетуге мына
міндеттер септігін тигізеді: демократиялық мемлекетте адамның құқығы ретінде оның жеке
басқа қолсұғылмаушылық категориясын тұжырымдау. Жеке басқа қолсұғылмаушылыққа
құқықты реттеуші халықаралық құқықтық нормалар мен ҚР-дың заңдарының арақатынасын
анықтау; қылмыстық-процессуалдық ғылымның категориясы, қылмыстық-процессуалдық
заңның принципі ретінде жеке басқа қолсұғылмаушылыққа құқықтық баға беру; процессуалдық
мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында жеке басқа қолсұғылмаушылықтың жүзеге
асырылуының кепілдіктерінің түсінігін және түрлерін анықтау. Қойылған мәселелерді зерттеуде
логикалық, формалды-құқықтық; аналитикалық; зерттеудің пәнінің сапалы сипаттамасын
ашушы, зерттелуші институттың мәнін анықтауға, Қазақстан Республикасында заңдылық және
құқықтық тәртіп жағдайына конституциялық және салалық заңдардың жүйелі әсер етуіне
мүмкіндік беретін функционалды әдіс қолданылады. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстан
Республикасында демократиялық қайта құрулардың негізін қамтамасыз етуге шақырылған
жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидасының кепілдіктері және жүзеге асырылуы саласында
теориялық ережелер жүйесі негізделген. Аталған құқықтардың азаматтармен мемлекет беретін
жүзеге асырылу кепілдіктері, автордың пікірінше, ең алдымен, сенімді және дамыған, өмір
талаптарына сай келетін заң шығарушы базистен көрінеді.
Түйін сөздер: мәжбүрлеу шаралары, қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары,
жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасы, ұстау, қамауға алу, жеке басқа қол сұғылмаушылық
қағидасының жүзеге асырылу кепілдігі.
