Жұмыскерлерді тікелей ұйымда (жұмыс берушіде) оқыту және жұмыс берушіде туындаған шығындарды жұмыс берушіге өтеу мүмкіндігі
Аңдатпа
Еңбек қатынастары субъектілерінің адалдық пен әдептілік қағидаларын сақтай отырып
кәсіби біліктілікті иемденуді қамтамасыз ету мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес
ұйымдардың кадрлық саясаттағы аса маңызды мәселелері болып табылады. Құқықтық және
ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шараларды жетілдірудың анық қажет екендігі көрініс
табуда. Бұл мақалада жұмыскерлерді тікелей ұйымда (жұмыс берушіде) кәсіптік даярлау, қайта
даярлау және біліктілікті арттырумен байланысты мәселелер қарастырылуда. Осындай қарым-
қатынастарды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және қорыту жүзеге
асырылған. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың ресми позициясы ұсынылған. Жұмыс беруші
тап болатын негізгі мәселелері қарастырылған. Жүзеге асырылған құқықтық талдау негізінде
тікелей ұйымда (жұмыс берушіде) оқытуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнама шеңберінде тәжірибелік ұсыныстар берілген, сонымен қатар норма
шығармашылық қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер
енгізу туралы ұсыныс жасалған. Сонымен қатар, зерттеудің мақсаты білім беру қызметінің
алдында тұрған факультативтік, алайда өте маңызды мақсаттарды жарыққа шығару мүмкіндігі
арқылы оқыту процесті жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы мақалада қарастырылған
құқықтық механизм, ментор ретіндегі жұмыс беруші және білім алушы ретіндегі жұмыскер
арасындағы туындайтын оқыту процесінің мазмұнын қайта ойластырылуына мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жұмыскерлерді тікелей ұйымда (жұмыс берушіде) кәсіптік даярлау, қайта
даярлау және біліктіліктерін арттыру, оқыту шартын жасасу, жалақыдан ұстап қалу, жұмыскерді
оқытуға байланысты шығындарды жұмыс берушіге өтеу.
