Жасыл экономикаға көшу жағдайындағы Қазақстан Республикасында жер асты суларын пайдалану және қорғаудың құқықтық мәселелері
Аңдатпа
Жұмыстың мақсаты жер асты суларын пайдалану және қорғау мәселелерін реттеуші әрекеттегі және күшін жоғалтқан заңнамаларды салыстыру болып табылады. Салыстыру жасыл экономикаға көшу жағдайындағы Қазақстан Республикасында жер асты суларын пайдалану және қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізу болып табылады. Жұмыстың әдістемелік негізі диалектикалық әдіс, салыстырмалы және монографиялық әдіс түрлері қолданылған. Жұмыс қорытындысы заңнаманың жақсы жаққа қарай өзгеруі, жер асты суларын пайдалану мен қорғаудың құқықтық нормаларының жетілдірілуі болып табылады. Сонымен қатар барлау және іздеу жұмыстарына жауапты мемлекеттік органдардан құралған жер асты суларын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында шаралар жүргізілуде.
Мақала авторының қорытындыларының қолданылу аясы жер асты суларын пайдалану және қорғау мәселелерін реттеуші заңнаманы ары қарай жетілдіру болып табылады.
Түйін сөздер: жер асты суларын құқықтық реттеу, жасыл экономика, су құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы, су ресурстары, жер асты суларын пайдалану және қорғау.
