Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметінің субъектілері мен объектілері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында жедел-іздестіру қызметінің субъектілері мен
объектілеріне қатысты сұрақтар қарастырылуда, осы саладағы туындайтын құқықтық
қатынастарын жаңаша зерделеп, жаңа анықтамалар ұсынылған. Автор мемлекеттік немесе өзге
де құпияларды құрайтын мәліметтер, субъектілердің шеңберіне және т.б. сұрақтарға қатысты
Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер мен
толықтырулар ұсынады.
ЖІҚ қатысушылары мен субъектілерінің мәртебесін айырмашылығын анықтау барысында
қолданылатын тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып зерттеу жұмысы жүзеге асырылды. Екі
жақты құқықтық тұрғыдан алғанда, бұл тезис конституциялық, қылмыстық, азаматтық немесе
әкімшілік процеске қатысушылардың ұқсастығы арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қылмыстық
іс бойынша сот ісін қарайтын судья осы процестің қатысушысы болып табылады, бірақ ол
заңдық тұрғыдан маңызды болғандықтан, ол қылмыстық процестің субъектісі болып табылады.
Қылмыстық процеске қатысушылардың: прокурордың, адвокаттың, жәбірленушінің, куәгердің,
сотталушының мәртебесін анықтау үшін сол қағида қолданылады. Талдаудың негізінде жедел
іздестіру іс-шараларын жүргізуге тартылған тұлғалар да ЖІҚ субъектілері болып табылады.
Жедел-іздестіру қызметінің барысында туындайтын құқықтық қатынастар туралы сұрақтарға
тоқтала келе, осы мәселені жан-жақты зерделеу толыққанды қарастырылмаған.
Түйін сөздер: қоғам, пән, объект, заңның үстемдігі, заң, іздестіру қызметі, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет, азамат.
