Некелік қатынастарды бұзудың халықаралық-құқықтық ерекшеліктері
Аңдатпа
Бұл мақала шетел элементімен шиеленіскен некені бұзудың нәтижесінде пайда болатын халықаралық-құқықтық коллизияларды шешу анализіне, сонымен қатар аталған қарымқатынастарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық реттеу мәселелеріне арналған. Мақала авторларымен 1993 ж. ТМД-ның құқықтық көмек көрсету және азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы Конвенциясының, 1978 ж. Ерлі-зайыптылардың мүліктері режиміне қолданылатын құқық жайлы Конвенцияның, ерлі-зайыптылардың соттық айырылысуы және ажырасуға қатысты юрисдикциясы және заңдар коллизиясын реттеу туралы Гаага Конвенциясының, сондай-ақ 1957 ж. Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы Конвенциясының ережелері жан-жақты талданған. Сонымен қатар, осы мәселеге байланысты Еуропа және Латын Америкасының елдері және өзге де мемлекеттердің заңнамаларының тәжірибесі зерделенген. Түйін сөздер: Конвенция, некелік қатынастар, некені бұзу, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары, коллизиялық нормалар, отандық заңнама, халықаралық келісім-шарттың нормалары, отбасы, Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматы.
