Ақпараттандыру саласындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты: компьютерлік қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Авторлар

  • Sh.B. Malikova
  • A.B. Omarova
  • D.B. Malikov

Аңдатпа

Аталған мақалада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы қылмыстық саясаттың, осы саладағы қылмыстық заңнаманы дамыту мәселелері зерттелген. Мақаланың мақсаты – ақпараттандыру немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұрудың теориялық негіздерінің мәселелерін зерттеу. Зерттеу шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы ұғымдық аппарат, осы саладағы қылмыстық саясаттың және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұрудың теориялық негіздері нақтылаған, қазіргі Қазақстандағы компьютерлік қылмыстылықтың жай-күйі зерделеніп, динамикасы мен құрылымына, олардың дамуына әсер ететін криминогендік факторлар талданған. Ақпараттық қауіпсіздік аясындағы қылмыстық саясат мәселесі жалпы және арнайы экономикалық, саяси, рухани, методологиялық, заңи, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және басқа да факторлармен шартталған заманауи Қазақстанның кешенді, жүйелі әлеуметтіксаяси және құқықтық мәселесі. Ол ақпараттандыру аясындағы қылмыстылықпен күрес сынды қоғамдық өмірдің әртүрлі саласын құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін аралас қылмыстықпроцестік, қылмыстық атқару заңнамасының және басқа да салаларының нормаларын қамтиды. Алуан түрлі зерттеулер ақпараттандыру аясындағы сәйкес мемлекеттік саясат феномені туралы нақты және жеткілікті көзқарасты қалыптастырған жоқ. Яғни, қылмыстық саясат сұрақтары әзірге жеткілікті дәрежеде зерттелмеген қалпында. Осы мән-жай аталған зерттеудің жаңалығын анықтайды. Ұсынылып отырған зерттеу ақпараттандыру аясындағы қылмыстардың алдын алудың теориялық негіздері туралы ғылыми негізделген ұсыныстар мен қорытындыларды беріп, оның ғылыми маңызын айқындайды. Сонымен қатар, тақырып бойынша негізгі мәселелер белгіленген және оларды шешудің негізгі бағыттары айқындалып, тақырыптың тәжірибелік құндылығын шарттаған. Зерттеудің методологиялық негізін қылмыс және қылмыстылықтың мәні туралы, олардың мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайына әсері туралы қылмыстық құқық және криминологияның ғылыми ережелері құрайды. Зерттеу барысында қылмыс және қылмыстылықтың мәнін анықтаудың заманауи тұжырымдамалары, қорытындылар әлеуметтікқұқықтық, қылмыстық құқықтық құбылыстар мен үдерістерді сапалық және сандық талдау жолымен алынған. Авторлар арқылы жүргізілген құқықтық талдау ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы Қазақстанның қылмыстық саясатының жаңа бағыттарын анықтауға қатысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Аталған зерттеулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы халықаралық аспектіні шешу және жеңуге қатысты нақты үлес қосуы мүмкін. Ақпараттық технологиялар аясындағы қылмыстар – орын алып отырған телекоммуникациялар жүйесі шексіз болғандықтан ерекше ая болып табылады. Қылмыс бір елде ойластырылып, үш-төрт елдің коммуникацияларынан өтіп, бесінші елде жасалуы мүмкін. Аталған жағдай басқа мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты қалыптастыру қажеттілігін білдіреді. Мақалада алынған нәтижелерді оқу үдерісінде, оқулықтар мен оқу құралдарын және аталған мәселеге қатысты мақалалар жариялау барысында қолданыла алынады. Түйін сөздер: қылмыстық саясат, ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік қылмыстылық, қылмыстылыққа қарсы тұру.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-16

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY