АӨК мәселелері және интеграция тұрғысынан Қазақстанның аграрлық саясатын жетілдіру жолдары
Аңдатпа
Мақалада түрлі дамыған елдердегі (АҚШ, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия) аграрлық саясаттың ерекшеліктері қарастырылған және олардың ішкі мәселелері бойынша Қазақстанның ішкі нарығындағы ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі көрсетілген: агроөнеркәсіп кешені инфрақұрылымының дамымағандығы, ауыл шаруашылығындағы өнімнің шағын өндірісі, негізгі құралдардың құнсыздануы, жер ресурстарын тиімсіз пайдаланылуы, мал шаруашылығы секторының төмен өнімділігі және т.б. өзге дамыған елдермен салыстырғанда кейбір ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің өндіріс көлемі келтірілген. Қазақстанда АӨК дамытудағы мемлекеттік реттеу саясатын іске асырудың нысандары қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі инновациялық әдістері ұсынылған, атап айтқанда 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» Қазақстан Республикасындағы Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы. Аграрлық саясаттың басымдықтарын әлемдік тәжірибеге сәйкестендіру жолымен қайта қарау қажеттігі туралы айтылады, онда негізгі қағидаттар әділеттілік қағидаттарына және мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық субъектілері үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Шаруа (фермер) шаруашылықтарының рөлін қайта қарау және оларды қалыптастыру мен прогрессивті дамуы үшін жағдайлар жасау қажеттілігі көрсетілген. Түйін сөздер: аграрлық саясат, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, мемлекеттің ауыл шаруашылығы секторын қолдауы, азық-түлік қауіпсіздігі, аймақтық саясат, астық нарығы, астық өндірісін әртараптандыру.
