Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғауды құқықтық реттеу

Авторлар

  • I.S. Saktaganova
  • M.N. Ayabekova

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік қамтамасыздандыру аясындағы қалыптасқан мемлекеттік-құқықтық қатынастардың теоретикалық сипаттамасы қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделе отырып маңызды мәселелер салыстырылды. Зерттелген тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы бүгінгі таңдағы өзгерістерімен тікелей байланысты және оның ғылыми-тәжірибелік маңызы айқын. Әлеуметтік қамтамасыздандыру аясындағы қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгерілуі және аяқталуы заңдық фактілерімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы өз құқықтары мен бостандықтары дәрежесін, білім құрылымы мүгедектердің біріктіруді қамтамасыз етеді. Олардың сайлау процесіне толыққанды қатысуға сайлау құқықтарын жүзеге асыру ерекшеліктері туралы құқықтарды қарастырады. Мүгедек адамдардың сайлау ережелерімен толықтай танысып, оны құқықтық реттеуді және талдауды сайлау заңнамасына сүйеніп жүзеге асыра алады. Ең алдымен, Қазақстан нұсқаулары бар Интернет порталдардың, БАҚ баяндамалар мен басқа да көздер негізінде мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын пайдалана алу жөніндегі мәселелер қарастырылады. Зерттеу объектісі мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қатысуымен қоғамдық қатынастар болып табылады. Мақала ғылыми-зерттеу, халықаралық және ұлттық еңбек заңнамасын және әлеуметтік қауіпсіздік құқықтық ережелері мүгедектердің құқықтарын іске асыруға бағытталған. Түйін сөздер: әлеуметтік қамтамасыздандыру, құқықтық қатынастар, субъектілер, зейнетақы, көмек мөлшерлері, мүгедектілік, құқықтық қабілеттілік, заңдық фактілер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-16

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW