Конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының кейбір тарихи аспектілері
Аңдатпа
Бұл мақала заңдар мен басқа да нормативтік актілердің конституциялығы қағидаттарының тарихы мен заманауи жағдайына, сонымен қатар оның конституциялық-құқықтық бекітілуіне арналады. Мақаланың өзектілігі ең алдымен, конституциялық бақылаудың пайда болу тарихы мен дамуы ғылымда дау тудыратынымен байланысты. Конституциялық бақылау идеясының тарихи аспектідегі пайда болуы туралы қорытындылар Л.Г. Мальская, Х.А. Абишев, С.Б. Боботов, Д.М. Баймаханова және т.б. ғылыми еңбектеріне негізделеді. Мақалада бүгінгі күні әлі де өзекті болып табылатын Ганс Кельзеннің «үш постулаттар» туралы тұжырымдамасы қарастырылады. Автор оларды талдай отырып, дәл осы постулаттар конституциялық бақылау органдарының континенталдық модельдерін ұйымдастыру қызметінің негізінде жатады деген қорытындыға келеді. Автор Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың қалыптасу тарихы бойынша пікірлерге талдау жасады. Алты кезеңнің негізі ретінде ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері алынды. Түйін сөздер: Конституция, Ханс Келсен, конституциялық бақылау, даму сатылары.
