Антикалық құқықтағы философия және риторика

Авторлар

  • O.M. Boretsky
  • A.A. Shvydko

Аңдатпа

Аталмыш мақаланың қарастыратын пәні – антикадағы құқықтық мәдениет және мәні жойылмас антикалық құқықтың рухани-мәндік тамырлары туралы сұрақ. Мақалада құқықтың терең мағыналарын интеллектуалдық, рухани және риторикалық практика тұрғысынан сипаттайтын біршама іргелі ұғымдар қарастырылды. Антикалық құқықтық мәдениет талдауының философиялық және риторикалық қырларын біріктіретіндіктен «құқық сөзіне» және «құқық туралы сөзге» баса мән берілді. Сонымен қатар, Аристотель риторикасы заң дискурсының қалыптасу кезеңінде оның методологиясы болғаны жайлы қорытынды жасалды. Түйін сөздер: рух, идея, метафора, құқық, риторика, сөз, философия. 

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-16

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW