Суррогат ана және адам құқықтары
Аңдатпа
Көптеген адамдар үшін генетикалық жолмен балалы болып, ұрпақ қалдырудың жалғыз жолы – суррогат ана қызметін пайдалану. Көпшілігінің өзімен генетикалық байланыста болатын баласын қалайтыны анық. Ал суррогат ана қызметін пайдалану арқылы ата-ана болуға үмітті жұптың бірі баламен генетикалық байланыста болу мүмкіндігіне ие болады. Мақаланың мақсаты – суррогат ана түсінігінің мәні мен қоғамдағы маңызын анықтау. Суррогат ана медицинаның озық жетістігінің бірі бола тұра, бұл мәселенің көптеген шешімін таппаған, қоғамда дау туғызатын күрделі тұстары бар. Мәселен, суррогат ананың барлық түріне заңды тұрғыдан рұқсат берген дұрыс па және суррогат ана қызметіне қоғамның көзқарасы қандай? Дүниежүзінде және Қазақстанда суррогат ана қызметін кімдер ұсынады және аталған қызмет түрі үшін ақы алған моральдық тұрғыдан орынды ма? Заң бойынша құрсақ ана қызметінің қорғалу дәрежесі қандай және бала туылғаннан кейін суррогат ана баламен көрісіп тұруына рұқсат берілген бе? Мақаланың қорытындысында суррогат анаға қатысты өзекті мәселелердің, ең алдымен аталған мәселенің құқықтық реттелуі мен қазіргі таңда көтеріліп жатқан этикалық сұрақтарға жауап табуға тырысады. Түйін сөздер: Қазақстан, суррогат ана, адам құқығы, қанау.
