Құқықтың салааралық қағидаларын топтастыру негіздері

Авторлар

  • K.U. Baizhanova

Аңдатпа

Бұл мақалада құқықтың салааралық қағидаларын топтастыру негіздері қарастырылған. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси салалардағы салааралық қағидалар зерделенген. Автор осы мәселеге қатысты әртүрлі заңгер-ғалымдардың пікірлеріне талдау жасаған. Қазіргі күні құқық экономикалық дамудың объективті заңдылықтарына сәйкес келуі керектігі белгілі. Ол үшін құқық «жұмыс жасауы» қажет, яғни құқықтың өзінің заңдылықтары қатаң сақталуы қажет. Мәдениет саласына шешуші әсер ететін құқықтың салааралық қағидаларына мыналар жатады: әдеби, көркем, ғылыми, техникалық творчество мен оқыту еркіндігін қамтамасыз ету; білім мен мәдени құндылықтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл қағидалар салааралық сипатта болып табылады, себебі азаматтық құқықтан (мысалы, жоғары оқу орнына қабылданған кезде азаматтық-құқықтық шарт жасасу кезінде оларды ескеру қажет, т.б.), әкімшілік құқықтан (білім саласын құқықтық реттеу кезінде, университеттік, мұражайлық кешендерді жасау кезінде және т.б.), еңбек құқығынан (еңбек шарттарын жасасу кезінде көрініс табатын қағидалар), салықтық құқықтан (салықтық жеңілдіктер берген кезде), яғни жалпы алғанда біліммен және мәдениетпен байланысты салаларда көрініс табады.
Түйін сөздер: құқық қағидасы, құқық нормасы, құқық саласы, құқық жүйесі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-16

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW