ЖАСӨСПІРІМ: ТОПТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, АЛДЫН АЛУ, ТИІМДІЛІК
Аңдатпа
Бұл мақалада автор Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы мағыналы да маңызы зор сөздерін басты негіз етіп ала отырып, Елбасының жастар болашағына бей-жай қарамай, олар үшін істелген, істелер, жүзеге асып жатқан келелі істер мен алдыға қойған міндеттеріне тоқталып өткен. Автор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасөспірімдер арасында жылдан-жылға көбейіп, қылмыстық құқық бұзушылықтардың «жаңарып», «жасара» түсуі – кезек күттірмес шаралар қабылдауды қажет ететініне тоқталып, жасөспірімдердің топтық қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алмаса болмайтынын көрсеткен. Жасөспірімдік шақ – күрделі шақ. Осы күрделі кезеңде бала айналасында болып жатқан жағдайларды өз көзқарасы тұрғысынан бағалайтындықтан, олардың бойында бағалаумен қатар жүретін тіл алмаушылық, мінез көрсетушілік, айтқанды істемеушілік, бағынбаушылық, қарсылық көрсету белгілері пайда болады. Автор осы белгілерді жасөспірімдердің топтық құқық бұзушылықтарымен байланыстыра отырып, алдын алу жақтарын қарастырады. Автор қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жеке қылмыстық құқық бұзушылыққа баратындардың қарасы азайып, керісінше, топ болып қылмыстық құқық бұзушылық жасайтындар саны артқанын құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйене отырып, терең ғылыми деңгейде ашып көрсеткен. Талдау негізінде жасөспірімдердің топ болып ұрлық, тонау, бұзақылық сияқты қоғамға қарсы әрекетке де жиі баратыны қарастырылып, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту шаралары мен тиімділігі қылмыстық-құқықтық жағынан ашылып көрсетілген. Мақалада автор жалпы жасөспірімдердің топтық қылмыстық құқық бұзушылығына қылмыстық-құқықтық баға беріп, оның ерекшеліктерін көрсете отырып, алдын алу жолдарын қарастырған. Түйін сөздер: жасөспірім, топтық қылмыстық құқық бұзушылық, ескерту, алдын алу, профилактикалық шаралар.
