ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСІНДЕ КҮДІКТІ МЕН АЙЫПТАЛУШЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Авторлар

  • A.A. Аryn
  • S.Zh. Аydarbaev

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар Қазақстанның қылмыстық процестік заңнамасының күдікті мен айыпталушылар институтына қатысты даму үрдістерін ашып көрсетеді. Сонымен қатар оны ашу барысын айыпталушы мен күдікті институтының негізі болып табылатын Қылмыстық процестік кодексінде айыпталушы мен күдікті түсінігінің жетілу барысынан бастайды. Сондай-ақ, мақалада айыпталушы мен күдікті институтын құрудың тарихи-құқықтық әлеуметтік жағдайлары талданады. Авторлар Қазақ хандығы тарихында сот өндірісінің пайда болғанын аша бастайды. Сол кездері қазақ қоғамында сот өндірісін хан, сұлтандар және билер жүзеге асырған. Сондайақ қазақ қоғамында көптеген атқарылған істер алқа билер сотының көмегімен шешілген. Автор билер соты жүргізген сот өндірісін егжей-тегжейлі сипаттап, сонымен қатар билер сотындағы айыпталушылар мен күдіктілердің ерекшеліктеріне жалпылама сипаттама береді. Сонымен қатар 18 ғасырда Қазақ хандығы Ресей патшалығының құрамына енгендіктен, қазақ қоғамында билер соты ұзақ уақытқа сақтала алмады. Осыдан кейін Қазақ хандығына байланысты Ресей патшалығының іс-әрекетінің бірі болып, қазақ қоғамына өз заңдарын енгізу әрекеті болды. Осы кезеңнен бастап бұл Қазақстандағы айыпталушылар мен күдіктілер институтының дамуына әсер етті. Автор Қазақстанда тарихтың осы кезеңінен бастап айыпталушылар мен күдіктілер институтының Ресей империясымен қатар дами бастағанын түсіндіреді. Әртүрлі заңнамалық актілерге байланысты әр уақыт кезеңінде жеке тұлғаны айыпталушы мен күдікті ретінде іске қатыстыру институтын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Талдаудың негізінде автор күдікті пен айыпталушының халықаралық деңгейде құқықтық мәртебесін бұзылуы туралы өзекті мәселені ашып айтады. Ол сондай-ақ бұл мәселені шешуде қамауда отырған күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты халықаралық нормаларды талдауды қамтамасыз етеді. Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, қылмыстық процесс, күдікті, айыпталушы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW