Әкімшілік әділеттілік: теориялық және әдіснамалық модельдеу мәселелері
Аңдатпа
Ағымдағы әкімшілік-құқықтық реформалар шеңберінде қабылданған барлық әрекеттерге қарамастан, Қазақстанның әкімшілік әділеттігі әлі қалыптаспаған және ол қалыптасу сатысында тұр. Әкімшілік сот төрелігін одан әрі дамыту үдерістері мемлекеттің қоғамдық-құқықтық қызметі осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені қолдану арқылы осы мәселені неғұрлым дамыту қажеттігін талап етеді. Мемлекеттік реформаның барлық сатыларында қалыптасқан кемшіліктерді толтыру үшін Қазақстандағы әкімшілік заңнаманы және тұтастай әкімшілікқұқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған мәселелер күрт көтерілді. Реформалардың тағы бір негізгі идеясы қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізумен қатар мақсаты сот төрелігінің толық нысаны болуға тиіс болатын әкімшілік әділет және әкімшілік сот ісін жүргізуді қалыптастыру болды. Қазақстандық құқықтық жүйе шеңберінде дамып келе жатқан әкімшілік әділеті әкімшілік-құқықтық қарым-қатынас теориясының аясында ғана қарастырылуы тиіс, яғни әкімшілік қоғамдық даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен әкімшілік соттармен қатаң дамып келе жатқан әкімшілік әділеті аясында қаралуы тиіс. Түйін сөздер: әкімшілік әділет, әкімшілік құқық, әкімшілік сот ісін жүргізу, соттық бақылау, сот қорғауы, құқықтары мен бостандықтары, әділеттілік, қоғамдық-құқықтық даулар, әкімшілікқұқықтық реформалар.
