Қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы іс-қимыл: қылмыстық саясаттың концептуалдық аспектілері
Аңдатпа
Мақалада авторлар мемлекеттің қылмыстық саясатын жүзеге асырудағы виктимологиялық
бағытқа назар аударған.
Мақаланың мақсаты – қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы қылмыстық саясаттың бір
бағыты ретінде мемлекеттің виктимологиялық саясатының тұжырымдамалық аспектілерін
зерттеу.
Қылмыстық саясат мәселесі жалпы және арнайы экономикалық, саяси, рухани, әдіснамалық,
заңи, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және басқа да факторлармен шартталған
заманауи Қазақстандағы кешенді, жүйелі әлеуметтік-саяси және құқықтық мәселе болып
табылады. Виктимологиялық саясат дүниежүзілік тенденциялар ағымындағы қылмыстылыққа
әсер етудің құралы қылмыстық саясаттың салалық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.
Ұсынылған мақалада орын алып отырған көзқарастарды зерделеу және жалпылау негізінде
қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы мемлекеттің виктимологиялық саясатын анықтауға
байланысты тұжырымдамалық көзқарас жалпыланған түрде берілген. Авторлар арқылы
мақаланың ғылыми маңызын айқындайтын, қылмыстардың виктимологиялық алдын алудың
теориялық негіздері туралы негізделген ережелер мен қорытындылар көрсетілген. Сонымен
қатар, мақаланың тәжірибелік маңызын көрсететін, тақырып бойынша негізгі мәселелер және
оларды шешудің негізгі бағыттары бейнеленген.
Жұмыстың әдіснамалық негізін қылмыс және қылмыстылықтың мәні, мемлекеттік және
қоғамдық қауіпсіздікке олардың әсері, виктимділік, виктимдену, виктимология туралы
қылмыстық құқық және криминологияның ғылыми ережелері құрайды. Қылымыстылықтан
виктимологиялық сақтандырудың мәнін анықтаудың заманауи тұжырымдарын зерттеу
барысында әлеуметтік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық құбылыстар мен үдерістерді сандық
және сапалық талдау жолымен қорытындылар алынған.
Авторлар арқылы жүргізілген құқықтық талдау қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы
Қазақстанның қылмыстық саясатының жаңа басым бағыттарын анықтау үшін нұсқаулар,
қылмыстылықтан виктимологиялық сақтандыру аясындағы халықаралық аспектілерді шешу
және жеңуге үлес қосады.
Мақалада алынған нәтижелерді оқу үдерісінде, оқулықтар мен оқу құралдарын және аталған
мәселе бойынша мақалалар жазу барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: қылмыстылық, қылмыстылықтан сақтандыру, қылмыстық саясат,
виктимологиялық саясат, виктимдік, виктимдену, қылмыстылық құрбаны.
