СУРРОГАТ АНАЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Авторлар

  • N.R. Aikumbeckov

Аңдатпа

20 ғасырда әлемдегі дамыған елдерде медицина қарқынды дами бастады, олардың қатарында репродукция да бар. Ол ТМД елдерін де айналып өтпеді. Мақала Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңнамасындағы суррогат анаға байланысты сұрақтарға бағытталған.
Суррогат ана кең мағынада оны асырап алу үшін,басқа тұлғаларға табыс ету мақсатында бала көтеретін босанатын әйелмен жүзеге асатын барлық жағдайларды айтады. Суррогат ана болып баланың дүниеге келгеніне дейін олардың арасында генетикалық байланысы жоқ ұрықсыз жұп үшін бала көтерген әйел саналады.
Соңғы кезде суррогат ана институты ұдайы және жан-жақты талқыланып жүрген моралдық және құқықтық мәселелері болып жатыр.
ТМД елдерінің суррогат анаға қатысты ҚК біздің Қылмыстық Кодексте жоқ құрамдарына ие. Ұрпақ жаңғырту денсаулығын қорғаудың барлық шаралары арқылы жүзеге асыруы қажет, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық түрде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне ұқсас нормаларын енгізу осы медициналық құқық бұзушылықтарды болдырмауына жол ашады.
Сонымен қатар, жоғарыда қарастырылған проблемалық сұрақтардың шешуі болып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» атты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі саналады, оның әрі қарай жаңартылуы қажет.
Түйін сөздер: суррогат ана, қылмыстық құқық, репродуктивті денсаулық, ерлер мен әйелдердің репродуктивті құқықтары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-10

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY