Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы қағидасы қылмыстық-процестік ұстауда жеке басқа қолсұғылмаушылықтың кепілі ретінде
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудің негізін қалаушы және
басқарушы негіз ретінде процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы
қағидасының құқықтық табиғаты қарастырылады. Зерттеудің пәні болып ҚР-дың қазіргі
заңдардың, халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларының және
өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жүйесі; олармен реттелетін қылмыстық процесте
Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы қағидасының жүзеге асырылуы
мәселелері бойынша біркелкі қоғамдық қатынастардың шеңбері; осы заңдарды қолдану
практикасы және соларды зерттеу негізінде заңдарды жетілдіруге байланысты ұсыныстар
жасау. Әдістемелік негізі болып азаматтардың жеке бостандыққа құқықығының құқықтық
реттелуінің конституциялық негіздерінің жүзеге асырылу тәртіптерінің және принциптерінің,
сондай-ақ қылмыстық процесте процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы
қағидасының жүзеге асырылуының саяси-құқықтық, философиялық, құқықтық және өзге де
ғылыми негіздері табылады. Бұл үшін мемлекеттік және құқықтық көріністерді зерттеудің жалпы
ғылыми және жеке ғылыми әдістері қолданылды. Ғылыми жаңалығы – автор империкалық ғылыми
материалдарды қолдана отырып, ҚР-дың Қылмыстық істер жүргізу кодексінде қылмыстық
процесс аясына түскен азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық
қудалау органдары тарапынан қол сұғушылықтан қорғаудың барабар қамтамасыз етілуінің
жолдарын негіздейді. Қылмыстық процесте тұлғаның құқықтарының, бостандықтары мен
заңды мүдделерінің процестік кепілдіктерінің жүйесін қалыптастыру мақсатында шағым жасау
институтының құқықтық режимин реттеуші заңнаманың ары қарайғы жетілдірілу қажеттілігі
өзектеледі. Ұсталған адамға ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне шағым жасау құқығын беру
қажеттілігі ұсынылады.
Түйін сөздер: процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы қағидасы,
қылмыстық процесс, сот, прокуратура, күзетпен ұстау, ұстап алу.
