Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасының қызмет ету және сайлау құқығының қағидаларын жетілдіру мәселелері

Авторлар

  • M.E. Saginayev
  • N.B. Tauekelov
  • L.B. Nusipova

Аңдатпа

Мақала қазақстандық азаматтардың сайлау құқығын іске асырудың және сайлау туралы
отандық заңнаманы жаңғыртудың кейбір мәселелеріне арналған. Жұмыстың мақсаты –
қазақстандық сайлау заңнамасын және оны жетілдіру мәселелерін сайлау құқығының кейбір
қағидаларын зерттеу тұрғысында қарастыру болып табылады. Атап айтқанда, сайлау құқығының
жалпыға бірдей және теңдік қағидасының тәжірибеде жүзеге асу мәселелері. Қазақстандық
мемлекет пен қоғам үшін сайлау институты оның демократиялық дамуы сөзсіз қажетті құрамдас
бөлігі ретінде әлеуметтік-саяси маңыздылығы мәселенің өзектілігін негіздейді. Мақаланы жазу
барысында зерттеудің жалпы ғылыми, сондай-ақ жеке ғылыми әдістері (диалектикалық, тарихи,
салыстырмалы-құқықтық, арнайы-құқықтық, логикалық) пайдаланылды. Алынған нәтижелерді
Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ сайлаудың
түрлі деңгейлері саласындағы құқық қолдану тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі мақаланың
тәжірибелік мәні болып табылады.
Түйін сөздер: сайлау, сайлау процесі, дауыс беру, сайлау заңнамасы, сайлау науқаны, сайлау
құқығы, қағидалар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-08

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW