Жарғыш құрылғының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін анықтау сұрағы туралы
Аңдатпа
Мақала жарғыш құрылғының Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы
түсініктемесін беру туралы мәселені зерттеуге арналған. Автор қолданыстағы отандық
заңдылықтың нормаларына сүйене отырып, жарғыщ құрылғысын айқындаудың бірегей әдісінің
болмауына байланысты проблеманы көтереді. Мысал ретінде әр түрлі нормативтік құқықтық
актілердің нормалары, оқу және ғылыми әдебиеттерде ұсынылатын анықтамалары келтірілген.
Түрлі анықтамалардың бар болуының негізгі себептері, зерттеушінің пікірінше, жарғыш
құрылғылардың көптүрлілігі мен олардың техникалық сипаттамасындағы айырмашылықтарына
байланысты. Дегенмен, жарғыш құрылғылардың нақты түсініктемесі осындай құрылғылар
қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және ашу үшін қажетті
ғылыми негізделген ұсыныстарды дайындау үшін керек. Жарғыш құрылғыларды қолданумен
қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі қоғамдағы қылмыстылық деңгейінің артуын
көрсететін факторлардың бірі болып табылады. Жарғыш құрылғыларды қолданумен жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу қазіргі
уақытта ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарының бірі болып табылады, өйткені
әлемде қылмыстық айналымдағы жарғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды пайдаланатын
түрлі лаңкестік және экстремистік ұйымдардың қылмыстық белсенділігі өсуде. Автордың пікірі
бойынша, жарғыш құрылғыларды қолданумен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға
қарсы күрестің тиімділігі осы саладағы негізгі мәселелерді (соның ішінде жарғыш құрылғыларды
нақты анықтау) құқықтық реттеудің сапасына тікелей байланысты. Осыған сүйене отырып,
мақалада жарғыш құрылғысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасын айқындайтын авторлық
ұғымы негізделіп және ұсынылып берілген.
Түйін сөздер: қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарғыш құрылғылар, қылмыстық-құқықтық
түсініктемесі.
