Қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы іс-қимылдың кейбір сұрақтары
Аңдатпа
Мақалада авторлар қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы іс-қимылға назар аударған.
Мақаланың мақсаты – қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл аясындағы виктимологиялық саясаттың негізгі бағыттарын зерттеу.
Мақалада виктимологиялық саясатты жүзеге асырумен байланысты өзекті сұрақтар қарастырылған. «Қылмыстық саясат», «виктимологиялық саясат», «виктимология» ұғымдарына қатысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастары талданған. «Виктимологиялық саясат» ұғымын қарастыруға байланысты кешенді көзқарас ұсынылып, виктимологиялық қарсы іс-қимыл шаралары қарастырылған.
Зерттеудің әдіснамалық негізін криминология мен виктимологияның ғылыми ережелері құрайды. Қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы іс-қимылдың бағыттарын анықтаудың заманауи теорияларын зерттеу барысында, қорытындылар, әлеуметтік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық құбылыстар мен үдерістерді сапалық және сандық талдау жолымен алынған. Авторлармен жүргізілген құқықтық талдау қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл аясындағы
Қазақстанның виктимологиялық саясатының жаңа ұтымды бағыттарын анықтауға қатысты
ұсыныстар енгізуге, қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы іс-қимыл аясындағы халықаралық
аспектілерді, басқа мемлекеттермен өзара байланысты оңтайландыруды шешу және жеңуге үлес
қоса алады.
Мақалада алынған нәтижелерді оқу үдерісінде, аталған мәселе бойынша оқулықтар мен оқу
құралдарын жазу барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: виктимология, виктимологиялық саясат, виктиматизация, қылмыс құрбаны,
қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, сақтандыру, алдын алу, қылмыстылықпен күрес, қылмыстық
саясат.
