ВИКТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • R.E. Dzhansaraeva
  • A.B. Omarova
  • D.B. Malikov

Аңдатпа

Аталған мақала құқықтық ғылымдағы виктимологияның мәні мен маңызын анықтау сұрақтарына арналған.
Аталған мақаланың мақсаты – виктимологияның ұғымын анықтауға қатысты классикалық және заманауи көзқарастарды және виктимологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын зерттеу.
Виктимологиялық зерттеулер мәселелері құқықтық ғылымда жиырмасыншы ғасырдың 40 жылдары батыс ғалымдарымен криминологияның жаңа ғылыми бағыты қарастырылған. Қазіргі кезде виктимология заманауи дүниеде өсуі жалпы және арнайы экономикалық, саяси, рухани, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық факторлармен шартталған қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін ғылыми құқықтық зерттеудің дербес, кешенді, жүйелі бағыты ретінде қарастырады.
Замануи Қазақстанда қылмыстық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде қылмыс құрбанын анықтау позициясынан қылмыстылық мәселелерін зерттеуге қатысты құқықтық ғылымның дербес ғылыми бағыты ретінде виктимологияның қалыптасу үдерісі жақында басталып, қылмыстылықтан виктимологиялық сақтандыру жүйесін, жәбірленушінің және қылмыс құрбандарының құқықтарын қорғау үшін тиісті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру қажеттілігі туындады. Дегенмен де, қылмыстылықтан сақтандырудың заманауи отандық заң тәжірибесінде виктимологиялық бағыт тек қылмыстылықтан сақтандырудың стратегиясы мен тактикасын және азаматтарды қылмыстық құқықтық қорғауды анықтауға қатысты қызметтің бір бөлігі деген пікір қалыптасқан. Жүргізілген зерттеулер қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы тұру туралы нақты және толық пікірі қалыптастырмады. Осы жағдай жүргізілген зерттеудің жаңалығын анықтайды. Аталған мақалада авторлар құқықтық ғылымдағы кешенді бағыт ретінде виктимологияны кең түрде қарастырып, виктимологиялық зерттеулердің бағыттарын кешенді зерттеу қажеттілігін негіздейді. Мақалада ғылымда орын алған теориялық көзқарастарды зерттеу және жалпылау негізінде виктимологияның ұғымына және виктимологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарына деген тұжырымдамалық көзқарастардың мәні жалпыланған түрде берілген. Авторлар арқылы мақаланың ғылыми маңызын анықтайтын виктимологияның теориялық негіздері туралы қорытындылар мен ғылыми негізделген ережелер бейнеленген. Сонымен қатар, мақаланың тәжірибелік маңызын бейнелейтін тақырып бойынша негізгі мәселелер және оларды шешудің негізгі бағыттары белгіленген.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне қылмыстық құқық және криминологияның қылмыс, қылмыстық, виктимділік, виктимологияның мәні туралы ғылыми ережелер қаланды. Вкитимологияның ұғымына қатысты заманауи көзқарастарды зерттеу барысында қорытындылар әлеуметтік-құқықтық, қылмыстық құқықтық құбылыстар мен үдерістерді сапалық және сандық талдау жолымен алынған. Авторлар арқылы жүргізілген құқықтық талдау Қазақстанның құқықтық ғылымындағы виктимологиялық зерттеулердің жаңа бағыттарын анықтау үшін ұсыныстар жасауға және басқа мемлекеттермен өзара әрекеттесу қажеттілігін көрсететін қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы виктимологиялық зерттеулердің халықаралық аспектілерін игеруге үлес қосады. Аталған мақалада алынған нәтижелерді оқу үдерісінде, аталған мәселе бойынша оқулықтар, оқу құралдарын және мақалалар жариялау барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: қылмыстылық, қылмыстылыққа қарсы тұру, виктимділік, қылмыстылықтың құрбаны, виктимология.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY