Отбасы институты: тұжырымдамасы, құраушы элементтері
Аңдатпа
Бұл мақала өзекті тақырыптардың бірі – Отбасы институтына арналған. Қазіргі таңда
отбасы институты елеулі өзгерістерге ұшырады. Ажырасу біздің өмірімізде кеңінен таралған:
іс жүзінде әрбір үшінші неке ажырасуымен аяқталады және «азаматтық неке» саны да көбеюде,
демек неке мен отбасылық қарым-қатынастарға деген жеңіл қөзқарастың әсері неке одағының
тұрақтылығына теріс ықпал етуде.
Мақалада отбасы түсінігінің тар мағынада қолданылатын классикалық үштігі болып
саналатын анасы-баласы-әкесі – «нуклеарлық отбасының» белгілері анықталған. Бұл отбасының
әрбір мүшесіне өздері қадағалайтын функциялар берілген. Сонымен қатар, мақалада негізгі
әлеуметтік элемент ретінде отбасы ұғымы мен рөлі және әлеуметтанушылар мен психологтардың
ата-ана функцияларына жасаған талдауы қарастырылған.
Мақаланың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасының
заңнамасын жетілдіру үшін пайдалану болып табылады, себебі заңнамада құқықтық категория
ретінде әке ұғымы қарастырылмаған, оның тек құқықтық мәртебесінің кейбір ерекшеліктері ғана
ашылған.
Түйін сөздер: нуклеарлық отбасы, ана болу, әке болу, азаматтық неке, неке құрылымы.
