Қырғыз Республикасындағы жұртшылықтың қатысуы жəне экологиялық ақпарат алудың құқықтық аспектілері
Аңдатпа
Бұл мақалада автор Қырғыз Республикасы Орхус Конвенциясын іске асыру жолындағы заңнамасын
қарастырған. Қырғыз Республикасы «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы
жəне қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша сот əділдігіне қол жеткізу туралы» Орхус конвенциясына
2001 жылы қосылған. Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы жəне қоршаған
ортаға қатысты мəселелер бойынша сот əділдігіне қол жеткізу Қырғыз Республикасы Конституциясымен
кепілдендірілген. Қолданыстағы Қырғыз Республикасының заңнамасы ақпарат алуға, оның ішінде экологиялық
ақпаратпен, қоғамның шешім қабылдауға деген қолжетімділігі мен сот төрелігін жүзеге асыруға құқық береді.
Бірақ ҚР заңнамалық актілерінде, оның ішінде салалық жəне де жалпы акті болсын, заңмен бекітілген негізде,
Конвенцияның ережесіне сəйкес арнайы іс жүргізу мен жүзеге асыру тетігін ойластыру керек.
Түйін сөздер: Орхус конвенциясы, заң, құқық, жұртшылық, экологиялық ақпаратқа қолжетімділігі, қоршаған орта-
ны қорғау, жұртшылықтың қатысуы жəне қоршаған ортаға қатысты мəселелер бойынша сот əділдігіне қол жеткізу.
