Қазақстан Республикасында жер қатынастарын реттейтін заңнамаларды жетілдірудің кейбір құқықтық мəселелері
Аңдатпа
Қазақстан Республикасының жер қатынастарын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер
кодексі жəне соған сəйкес қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер реттеп отырады.
2003 жылы 20 маусымда қабылданған ҚР Жер кодексі – жеке меншік құқығын ауыл шаруашылық
жерлеріне тарату арқылы жеке меншік құқығымен берілетін жерлердің ауқымын кеңейтті. Қазіргі
таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жер пайдалану құқығының артуы, экологиялық жағдайдың
шиеленісуі, сонымен қатар күннен-күнге жер дауларының көптеп кездесуіне байланысты жерді пай-
далану мен оны құқықтық қорғау саласындағы заңдарды реформалау барысы əлі де жалғасын табу-
да. Əрине, қоғам дамыған сайын мемлекеттің заңдары да заман талабына сай əзірленіп, реформала-
нуы тиіс.
Түйін сөздер: жер қатынастары, жеке меншік, мемлекеттік меншік, заң жобасы, жер заңдары.
