ІРІЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НОРМАТИВТІК БАЗАНЫ ТАЛДАУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ

Авторлар

  • S. N. Dauletova

Аңдатпа

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты аграрлық саясаттағы бағдарлар өзгерді, бəсекеге қабілетті өнім шығара
алатын орта жəне ірі тауарлық өндірісті дамытуға қажеттілік туды. Елдегі ауылшаруашылық өндіріс шағын тауарлық
күйінде қалып, соның əсерінен əлсіз бəсекеге қабілетті болып отыр. Біздің үкімет бұл мəселені шағын шаруа қожалықтарды
ауыл тұтынушылық кооперативтерге біріктіру арқылы шешуге тырысуда. Алайда шаруалардың арасында басқаша ой
қалыптасты. Олар ауыл тұтынушылық кооперативтерге бірігуді өздері үшін экономикалық тиімсіз деп есептейді. Бұл
мақала осы мəселенің негізін ашуға арналған. Ол үшін заң актілеріндегі шағын тауарлық өндірушілердің бірігуіне кедергі
жасау немесе ынталандыру түпнегіздеріне сараптама жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-31

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCES AND ECOLOGY LAW