«Қылмыстылыққа қарсы тұру механизмі» деген ұғымның ұйғарымы жəне оның жүйелі-құрылымды анализі
Аңдатпа
Мақалада «механизм» терминінің мағыналық негізінде, қылмыстылық сияқты жағымсыз əлеуметтік-құқықтық құбылысқа қарсы тұратын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес құрылымдардың қызмет тəртібін анықтайтын, заңды негізде орналасқан жəне бір-бірімен байланысты элементтердің бірі ретінде, «қылмыстылыққа қарсы тұру механизмі» түсінігі анықталады.
Қылмыстылықты азайтуға бағытталған мемлекет қызметін анықтау үшін криминология теориясында қолданылатын терминдерге талдау жасалады.
«Қылмыстылықпен күрес» терминінің мазмұны оның жағымды ұғынуы ретінде жəне криминологтар жағынан сынды талдау ретінде де зерттеледі.
Түйін сөздер: қылмыспен күрес, қылмыстылыққа қарсы тұру механизмі, қылмыстың алдын алу, құқық қорғау органдар, криминогендік салдар.
