Халықаралық факторингті құқықтық реттеу ерекшеліктері
Аңдатпа
Мақала халықаралық факторингті құқықтық реттеудің қайнар көздеріне арналған. Автор
халықаралық факторингтің мəнін, оны құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастырады. Халықаралық
факторингтің құқықтық негізі ретінде 1988 жылы 26 мамырда Оттава қаласында қабылданған
«Халықаралық факторинг туралы» УНИДРУА Конвенциясы, 2001 ж. БҰҰ-ның халықаралық сауда-
да дебиторлық берешекті беру туралы Конвенциясы зерттеледі. Халықаралық факторингті сыртқы
экономикалық мəміле ретінде қарастыра отырып, оны коллизиялық құқықтық норма негізінде реттеу
мəселелеріне ерекше мəн беріледі. Халықаралық факторинг операцияларының халықаралық кон-
венциялармен жəне ұлттық заңнама негізінде құқықтық реттелу шегі көрсетіледі жəне осы орайда
отандық заңнаманы жетілдіру жолдары ұсынылады.
