Көші-қондық құқықтарды қалыптастырудағы Қазақстан Республикасының көші-қондық құқықтық саясатының негізгі бағыттары
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының көші-қондық саясатын қалыптастырудың мəселелері
қарастырылады. Теориялық-құқықтық тұрғыда көші-қондық саясат анықтамаларының салыс-
тырмалы талдауы жасалып, авторлық анықтама берілген. Көші-қондық Заңнамаға кіргізілетін
жаңалықтардың қазіргі заманғы ҚР мемлекеттік-құқықтық шындыққа сəйкес келетіндігі көрсетіледі.
ҚР көші-қондық саясатының негізгі бағыттары мыналарда айқындалады: репатриация, халықтардың қоныстануын қалыптастыру, Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы жəне ішкі көші-қон
толқынын реттеу.
Түйін сөздер: көші-қон, халық қоныстануын қалыптастыру, репатриация, ішкі оралмандар, көші-қон
саясаты, көші-қондық заңнама.
