Еңбек ету бостандығының конституциялық-құқықтық реттелуі
Аңдатпа
Осы мақалада еңбек ету бостандығының өзекті мəселелері талданған. Мақалада қазіргі кездегі еңбек
ету бостандығына құқықты іске асыру кезінде туындайтын мəселелер жете зерттелген. Мақалада
еңбек ету бостандығын қамтамасыз ету жəне қорғаудың ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар
еңбек ету бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңдарын əрі қарай жетілдіру
бойынша ұсыныстар жасауға нұсқама берген.
Түйін сөздер: еңбек ету бостандығы, еңбек ету құқығы, келісімшарт, құқық, кəсіподақтар.
