Европа және Азиядағы интеграциялық одақтастықтар: ұлттық және халықаралық аспектілері

Авторлар

  • S.Т. Alibekov

Аңдатпа

Мақалада Европа және Азия мысалында интеграция мәселесі қарастырылған (ЕО және ЕАЭО мысалында). XX ғасырға қарағанда, бүгінде аумақтық экономикалық интеграцияның маңыздылығы және қажеттілігі байқалуда. Экономикалық интеграция – экономикалық бірігу түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық немесе ішінара бірегейлендірілуі, осы елдер арасындағы саудадакедергілерді жою, бір үлкен, ортақ нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы, бірлесуге дейін. Интеграциялық топтардың серіктестігі екі ел арасындағы нарықтың тұрақтылығы мен экономикалық деңгейімен анықталады. Кей жағдайларда мемлекет аралық интеграция өндірісі дамыған және дамушы ел арасында орын алуы мүмкін, көбіне ол шекара шегімен ортақтасатын елдер немесе тарихи, экономикалық, саяси әріптестікті дамытушы елдер арасында орын алады.
Түйін сөздер: интеграция, ЕАЭО, ЕО, евразиялық интеграция, европалық интеграция.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-18

Журналдың саны

Бөлім

INTERNATIONAL LAW